Мухтар Ауезов - Килы заман - Повесть

17.09.12 | Admin

http//photoload.ru/data/eb/d6/63/ebd6638431159e2c7a8229ea9307ecc2.jpeg


Қилы заман
Author:Мұхтар Әуезов
Publisher: Алматы "Жазушы"
Publication date: 1979
Number of pages: 159
Format / Quality: Pdf
Size: 40 Mb
Language:Kazakh

http//photoload.ru/data/1d/7c/c0/1d7cc0f1d0b54eac3609c5222246595b.jpg

Цитата:

Мұхтар Омарханұлы Әуезов


Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897—1961) — қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Өмірбаяны


Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы).

Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.

1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.

1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.

1918 жылы М.Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады.

1919 жылы — Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.

1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді.

Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.

Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.

1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.

Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды.

1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.

Шығармалары


Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.

Сөйте жүре, үлкен дарын өзінің шығармашылық асқарына апаратын Абай тақырыбына қалам тартады. Үлкен жұмыстың алғашқы қарлығашы болып «Татьянаның қырдағы әні» келеді өмірге.

Бұдан кейін жазушы Абай образын кең аумақта алып, бірнеше жанрда бейнелеуге кіріседі. Сөйтіп, «Абай» трагедиясы туады. Бұл ұлы ақынның образын сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма болатын.

Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен «Абай жолы» романдарын Мұхтар он бес жылға жуық жазады. Жазушының өзі айтқандай, «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады. Абай жолы халық жолы, халық жолы Абай жолы. Осы бірлікті тарихи шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету Мұхтар Әуезовтың шығармашылық жеңісі еді.

Шығармаларының әр жылдары шыққан басылымдары


Қорғансыздың күні, Орынбор, 1921;
Еңлік - Кебек, Орынбор, 1922;
Әдебиет тарихы, Қ-о., 1927;
Қилы заман, Қ-о., 1928;
Көк кашкыр (Көксерек), Фрунзе, 1928;
Абайдың толық шығармалар жинағы, құрастырушылар: М. Әуезов, І. Жансүгіров, А., 1933;
Тастүлек. Пьеса мен әңгімелер жинағы, А., 1935;
Ескілік көлеңкесінде. Әңгімелер жинағы, А., 1936;
Абай. Трагедия, М., 1941;
Абай. Тарихи роман, 1-кітап, А., 1942, 1948, 1953, 1955 (орыс тілінде: Абай. Роман, кн. 1, М., 1945, 1948, 1949, 1950, 1951, 1955, 1957, 1958);
Абай. Тарихи роман, 2-кітап, А., 1947, 1949, 1953, 1955, (орыс тілінде: Абай. Роман. кн. 2, М., А., 1948, 1949, 1950, 1955, 1957, 1958);
Ақын аға. Роман, А., 1950;
Абай жолы. Роман-эпопея, А., 1952, 1953, 1955, 1956, 1958, 1961, 1979, 1980 (орыс тілінде: Путь Абая. Роман-эпопея, М., А., 1952, 1955, 1957, 1958, 1960, 1965, 1971);
Әр жылдар ойлары, А., 1959;
Мысли разных лет, А., 1961;
Уақыт және әдебиет, А., 1962;
Өскен өркен, А., 1962;
Абай Құнанбаев, А., 1967;
Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;
Абайтану дәрістері, А., 1995;
Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998.
Шығ. жин., 6 томдық, А., 1955 - 57;
Шығ. жин., 12 томдық, А., 1967-69;
Путь Абая, Библиотека Всемирной литературы, сер. 3, т. 7 (134)-8 (135), М., 1971;
Собр. соч. в 5 томах, 1-5-т., М., 1973-75;
Шығ. жин., 20 томдық, А., 1979-85;
Шығ. жин., 50 томдық, 1-50 т., 1997-2010, (1-2 т., А., 1997; 3 т., А., 1998);

Ғылыми еңбектері қараңыз: М.О. Әуезов творчествосы бойынша библиографиялық көрсеткіш, “Ғылым”, А., 1972; М.О. Әуезовтің қолжазба мұрасы, “Ғылым”, А., 1977.

КСРО халықтарының және шетел тілдерінде шыққан шығармалары


Ағылшын тілінде
Abaі. Book one, M., 1957;
Abaі. Book two, M., 1957;

Араб тілінде
Қорғансыздың күні, М., 1966;
Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1967;

Армян тілінде
Абай. Роман, Ереван, 1952;

Әзербайжан тілінде
Абай. Роман, Бакы, 1954;

Башқұрт тілінде
Абай юлы. Роман-эпопея, Өфә, 1961;

Бенгал тілінде
Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1966;

Болгар тілінде
Абай. Първа кн., София, 1950;
Пътят на Абай, София, 1964;

Вьетнам тілінде
Жас Абай, 1-2 т., Ханой, 1965;

Қырғыз тілінде
Тарыхый роман, Фрунзе, 1—2 кітап, 1957;
Абай жолу. Роман-эпопея, 1957-63;

Латыш тілінде
Abajs. Roman, І-ІІ, Rіga, 1948-49;
Abaja Cels, І-ІІ-ІІІ-ІV, Rіga, 1963;
Koksereks. “Druva”, ғ15, 1960;

Литва тілінде
Suvіs Kalnuose, Vіlnіus, 1963;
Abajus. Romanas І-ІІ, Vіlnіus, 1950;
Abajaus Kelіas, Vіlnіus, 1960;
Jaunojі karta [Өскен өркен], Vіlnіus, 1969;

Мадьяр тілінде
Egy Kolto utja [Ақын жолы], Budapest, 1956;

Молдова тілінде
Абай, І-ІІ, Кишинэу, 1959-62;
Вицэ тынэрэ [Өскен өркен], Кишинэу, 1969;

Моңғол тілінде
«Абай жолы». Роман-эпопея, 1 т., 1972; 2 т., 1978;

Неміс тілінде
Der grіmmіge Graue [Көксерек], Вerlіn, 1962-64-65;
Der Schuss auf dem Gebіrgspass [Қараш-Қараш оқиғасы], Вerlіn, 1964;
Abaі. Roman, І-ІІ b., M., 1953;

Өзбек тілінде
Бургутчи, Тош., 1960;
“Уқимишли йигит”, Тош., 1960;
Қараш-Қараш вақеаси, Тош., 1962;
Кукел, Тош., 1964; Абай, І-ІІ к., Тош., 1951-52;
Абай йули, Тош., 1957, 1959, 1960;

Парсы тілінде
Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1966;

Поляк тілінде
Okrutny szary [Көксерек], Warszawa, 1961;
Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 1, Warszawa, 1950;
Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 2, Warszawa, 1951;
Droga Abaja, Warszawa, 1954;

Румын тілінде
Abaj. Roman, Bucurestі, 1950;
Abaj. Roman-epopea, Bucurestі, 1961;

Cаха тілінде
Абай. Якутск, 1965;

Cловак тілінде
Abaj, Bratіslava, 1951;
Abajova cesta, Bratіslava, 1961;

Татар тілінде
Абай. Тарихи роман, 1-2 т., Казан, 1957-60;

Тәжік тілінде
Садои тирдар ағба [Қараш-Қараш оқиғасы], 1962;
Нозанини мотам гирифта [Қаралы сұлу], 1967;
Абай, Сталинабод, 1955-57;

Түрікмен тілінде
Абай. Роман, 1—2, Ашхабад, 1958;
Абайың елы, Ашхабад, 1961;

Тыва тілінде
Көк кааррак, Кызыл, 1964;
Чалыы салган, [Өскен өркен], Кызыл, 1969;

Украин тілінде
Сірий лютий, Киів, 1955;

Ұйғыр тілінде
Абай. Роман, 1-2 к., А., 1949, 1954;
Абай йоли, А., 1955, 1957, 1962;

Француз тілінде
Abaі, Parіs, 1960;
Le coup de feu, M., 1963;

Хинди тілінде
Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1967;

Чех тілінде
Abaі. Roman, Praha, 1948;

Эстон тілінде
Abaі. Romaan, І-ІІ kn, Tallіn, 1950, 1951;
Abaі tee. Romaan-epopoa, Tallіn, 1960;

http//photoload.ru/data/cb/a8/5c/cba85cf9d0ca4714faa84f7edc9d533d.jpg


Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!

Password: turklib

Поделитесь записью в соцсетях с помощью кнопок:

Просмотров: 4421
Рейтинг:
  • 5
MySQL ERROR [query]: *** (you don't have a permission to see this error) ***