Qazaqtin 7777 maqali men meteli / 7777 пословиц и поговорок казахов
Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі
Author: Жәрдем Кейкін
Publisher: Өлке
Publication date: 2002
ISBN:9759863413
Number of pages: 280
Format / Quality: PDF
Size: 9,23 Mb
Language:Kazakh
Цитата:Мақал-мәтел
Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті, ауыз әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктер болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжерибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Сол рухани байлығымыздың бірхалық ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы.
Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге жеткізген. Адамзат өзінің бала кезінде, табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешесем, оны тілегіме жаратсам, бағындарсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген. Адамның, табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық- әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерлеуіне адамның ой санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Мысал ретінде алып кету.
Ауыз әдебиетінде халықтың ғасырлық арманы, жақсы өмірді, әділеттілікті аңсаған мүрат мақсаттары бейнеленген. Халық ауыз әдебиеті, әр түрлі жанрда дамыған. Осы халық ауыз әдебиетінің сегіз түрі бар:РаскрытьТұрмыс – салт жырлары
Мақал мәтелдер
Жұмбақтар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Айтыс өлеңдері
Тарихи жырлар
Шешендік сөздер
Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Бірақ ауыз әдебиетінің айырмашылықтары бар. Ең алдымен ауыз әдебиеті- ұғымдық шығарма, белгілі бір нақты авторы жоқ. Бұл ақын – жыраулардың, ертегішілердің өнеріне, дарынына, дүниетанымына қарай түрлі өзгерістерге ұшыраған. Және де ауыз әдебиеті өз шығармаларында лексикалық, синтаксистік қайталауларға жиі ұшырайды. ХІХ ғасырға дейін жазуы енді дамуы кезінде қазақ халқы үшін, яғни біз үшін көркем әдебиетте, білімде – ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі - әлеументтік экономикалық, рухани өмір мол көрініс тапты. Шын мәнісінде халық шығармасы – ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын, оқушыларды күреске, кемтарлықтан сары уайымнан аулақ, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді. Яғни Абай атамыз айтқандай:
«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап»
Осы ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз-болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспеті ұрпағына үйретіп, адлдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары - мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз.
Дүниетанымдық элементтерді өз бойына мол дарытқаны да, дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі мен дараланатыны да және философиялық мазмұнның тереңдігі жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы биігі де – мақалдар мен мәтелдер. Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан –алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар – қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан – саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр. Мақалдар мен мәтелдердің дүниетанымдық табиғатының күрделілігі оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр. Сондықтан да мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн:
Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процксін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған. Мысалы: «Келген дәулет – кеткен бейнет»
«Ер тынысы –еңбек, ез тынысы –ермек» сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар – еңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы.
Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық – тарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар – жалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні.
Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарда көрінеді. Өйткені белгілі бір мақалға арқау болатын өмір шындығы типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана қолданылады.
Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, олардың қолдану орындары мен ауыспалы мағыналары әр түрлі ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына, тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады.
Бұл жағдайда көптеген мақалдар өздерінің тура мағынасынан алшақтап, тек ауыспалы мағыналарда ғана қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен, қазақтардың қалмақтармен жауапкершілігі кезінде туған «Жыға жығылмай ту жығылмас» мақалын алайық. Ол тура мағынасында бізге тек тарихи құжат қана болып табылады. "«Жыға» деп соғыс кезінде қолбасылар киетін сәнді, дәрежелі бас киімді айтқан. Қай соғыста болмасын жауды жеңу үшін қолбасын жығу керек, сонда ту да жығылады, яғни жау жеңіледі. Сөйтіп, мақал өзінің алғашқы туу кезінде жауды жеңу үшін әуелі оның қолбасын жығу керек деген жаугершілік практикасынан қорытылған әскер бастығының өсиеті сияқты мағынада қолданылған.
Ал қазіргі көне көз қариялардың сөз сараптау практикасында бұл мақал белгілі бір әрекетте негізгі, басты қиыншылықты жеңсең ғана табысқа жетесің деген ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, бұдан мақалдың тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынасының жалпылауыштық қасиетінің күшті екенін көреміз. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалар мен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан мығым жасалған кейбір мақалдар тек өзінің тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты тура мағынасын ғана жоғалтып, алдыңғы ұрпақтардың дүниетанымына сай, алуан түрлі ауыспалы мағыналарға ие болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады. Мұндай мазмұндас мақалдарға дүниетанымдық тұрғыдан ғылыми талдау жасағанда мүмкіндігінше барлық қырынан тексеріп, барынша байыпты қараған жөн.
Өмір құбылыстарын жалпылай қорытатын мақалдардың жалпылауыш және типтік қасиеттері ауыспалы мағынасында арта түседі дегенде мақал жанрының тура мағынасының маңызы жоқ деген ұғым тумайды. Қайта оның ауыспалы мағыналарында қолдану аясының кеңдігі оның тура мағынасымен тығыз байланысты. Олай болса, мақал жанрындағы тура және ауыспалы мағыналар өзара диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу – осы байланысты көрсетуде.
«Сөздік көркі – мақал» дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Сондықтан да мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіреміз. Сөздер көркем ұйқаса, сөйлемдері ықшам, басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел – сөз мәйегі, асыл саф алтыны. Мақал – сөз атасы. Олардың қайсысынан болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, сөз, интонация – барлығы бар. Негізінен мақал – мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жазылған. Мақал-мәтелдер ойды кейіптеу, теңеу арқылы жақсы беріледі. Оларда көп қолданылатын көркем өрнек – синтаксистік параллелизм. Мақал - мәтелдердің өзара айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық түйіндеу, құрылысы жағынан байқалады. Мақалда бір-бірімен қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой - пікірді айқындай түсу басым келеді. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады.
Мақалдар тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды. Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі. Ешкім де «көрінбейді» дей алмас. Өйткені мақал –тұрмыс айнасы. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше мыңға кетер. Бірақ ол мақалдар бұл күнге шейін жиналып, басылып шыққан жоқ. Әркімнің өзінде, әр кітапта бытырап жүр. Менің алдыма қойған мақсатым, осындай түрлі тақырыптағы қазақша , орысша, ағылшынша мақал- мәтелдерді жүйелеп, үндестігі, ұқсастығы мен айырмашылығына сай белгілі бір топтарға топтап, реттеп алу.
Дастан, хиссаларға қарағанда мақал – мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі жалпы адамзатқа ортақ, көңілге ерекше қонымды, ұтымды келеді. «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» – десе ата –бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер дейміз! Осы мақалды өз тілінде оқыған қай жұртына жатырқамай біздей тебіреніп, тәлімді әсерге бөлінері ақиқат. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Негізгі тақырыбы: еңбек пен ерлік, достық пен қастық, ақыл мен өнер-білім, ынтымақ пен бірлік, отан туралы болып келеді. Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Кейбір мақал-мәтелдерде ауыспалы мағына жоқ, кейбіреуінде тура мағынасынан гөрі жама мағынасы басым. Қазақша, орысша және ағылшынша мақал-мәтелдердің мағынасы жағына өзара бір үндестік, айырмашылық болады. Егер біз бір тақырыпта 3 түрлі тілде үш мақал алсақ, 3 мақалдық түпкі мағынасы айтылайын деген ойы бір. Яғни өзара үндестік. Мысалы 3 тілге де ортақ еңбек тақырыбына мақал мәтелдер алайық.
Care killed the cat (Забота убивает кота)
Не работа старит, а забота
Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады
Былай қарасақ 3 мақалдың да түпкі бір үндестік еңбек етсең ғана бұл өмірде қиындықты жеңе аласың. Бірақ кішкене ойланып, үңіліп қарасақ, орысша және қазақша мақал-мәтелдер бір-біріне едәуір жақын және бір-бірінің тура аудармасы болып табылады. Ал ағылшынша мақал-мәтел осы жағдайда қалған екеуімен мағынасы жағынан үндеседі.
Мысалы:
Live and learn(Живи и учись)
Век живи-век учись
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
Бірақ бәрі бірде бұл жерде бірақ ой айтылған. Яғни ол өмірде оқусыз күнің жоқ, оқы, оқы және оқы деп айтқандай. Түпкі мағына бір деп айта аламын.
Кейбір кездерде қазақша және ағылшынша мақал-мәтел бір-біріне көбірек ұқсас, бір-бірінің тура аудармасы.
Мысалы:
Better late than never
All is not gold that glitters.
Лучше поздно, чем никогда
Не все то золото, что блестит
Ештен кеш артық,
Жылтырағанның бәрі алтын емес
Яғни бұл жерде мақалдар тура аудармасы бойынша әрі ұқсастық, әрі үндестіг көрсетеді. 3 тілдегі мақал-мәтелдердің құрылысы, мағынасы жағынан үндестігі мен айырмашылығын көрсететін мысалдарды көптеп келтірсекте болады. Еңбек тақырыбына
No pains, no gains . Без труда нет плода. Еңбексіз өнбек жоқ.
Little strokes fell great darks. Терпение труд все перетерпут. Еңбек етсең емерсің.
A tree is known by its fruit. Дерево познается по плоду. Еңбегіне қарай өнбегі.
Білімге байланысты
Two heads are better then one.
Ум хорошо, а два лучше.
Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
A word to the wise. Умному – палик. Ақылдыға- ишарат.
(Мудрому одно слово). Глупому- толчок. Ақымаққа- тоқпақ.
Батырлық, ерлік туралы:
Forture favous the brave
Слипость сдвигает горы с места
Тәуекел тау жығады.
Туған жер, Отан туралы:
East or West home is best.
Нет земли лучше Родины, нет людей лучше чем на Родине.
Туган жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Thereis no place like home
Все земли- хороши.
А своя- всех лучше.
Ел- елдің бәрі жақсы
Өз елің бәрінен де жақсы
Тағы бір үлкен үндестігі ол- лексикалық құрылымы, грамматикалық құрлысы, мағынасы жағынан ағылшынша, орысша, қазақша мақал-мәтелдердің синонимдері болады. Мысалы құрлысы жағынан үндесетін синонимдер:Honesty is the best policy. Четность- лучшая политика.
Берілген мақалдардың синонимдері мақалдың өзімен тек ондағы образдармен ерекшеленеді, яғни салыстырмалы түрде, мысалға алынып отырған заттар әр түрлі, бірақ басқа жағынан бірдей. Енді әр түрлі тілдегі мақалдар әр түрлі тарихи жағдайларда құрылған. Өйткені әр елдің әдет- ғұрпы тарихи әр түрлі. Сондықтан кейбір мақалдардың синонимдері болмай қалуы мүмкін, оны мысалға басқа тілге аудару үшін аздаған болса да, үндестігін, ұқсастығын ескере отырып, осы тақырыпта мақал алынады. Сондықтан ағылшынша және орысша мақалдар мағынасы жағынан бірдей болмаса, олрды бір мақсатта қолдануға болады. Өйткені бір тақырыпта алынған, мысалы:"Кто слишком высоко летает, тот низко падает" деген мақалды ағылшын тіліне аудару үшін, осы мақалға үндесетін бір мақалды аламын да, ағылшын тіліне аударамын.
Син. Cheats never prosper. Арыңды жасыңнан сақта.
Сәйкес Нечестно живешь - себя подведешь.
Strike while the in is not. Make hay while sun shines.
За двумя зайцами погонишься . Двум господам не служит.
Ни одного не поймаешь.
Пәлен жерде пайда бар, Пәлен жерде бақыр бар,
өз жеріңдей қайда бар. Іздеп барсаң мыс та жоқ
Pride goes before a fall- гордыня предшествует падению.
Өйткені берілген мақалдың ағылшынша аудармасы жоқ, синонимін алдым. Сондықтан егер мен осы тілдің біреуінде мақал - мәтел оқысам, мен оны түсіне де алам, қазақша және орысша айта алам. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерсе де мақал-мәтелдің өзінің бастапқы, негігі мағынасы өзгермейді. Сондықтан біз қай ұлтты адам болсақ та, қай тілде сөйлемесекте ата-бабамыздың келер ұрпаққа, яғни бізге деп қалдырып, кеткен алтыннан да қымбат, асыл қазынамыз мақал-мәтелдерді біліп, жадымызда сақтауымыз керек.
Ал енді бұл жұмысымды аяқтай келе мынандай қорытындыға келдім:
Ағылшынша, қазақша, орысша мақал-мәтелдер бірдей болады.Келтірілген мысалдардан кейде қазақша мен орысша мақалдар, кейде үшеуі де құрлысы мен мағынасы жағынан бірдей, бір-бірінің тура аудармасы болып келетінін көрдік. Кейде 3 тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірімен тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Екіншіден, ағылшынша, қазақша, орысша мақалдардың синонимдері болады. Кейде мақалдар өз синонимдерімен тек образдармен ерекшеленеді, кейде мағынасы жағынан үндесіп, ұқсас болады.
Мақалдарды бірнеше тілде білу өзімізге де пайдалы. Олар да түрлі тарихи жағдайларда құрылған, бірақ сонда да халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай айтылатындығын есту қызықты. Тегінде мақал-мәтел қай халықтың болсын жан дүниесінің, мінез- бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймай, оның уақыт санын құны артпаса, арзымас қазына екенін сөздірер белгісі. Сондықтан қай тілде болсын мақал мәтелдерді оқып, үйрену керек. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерседе мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ ең алдымен өз тілімізді, әркім өз халқының рухани байлығын білу керек. "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді". Ғ. Мүсірепов.
Мен алдымда тұрған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Бірақ әлі де істелмеген жұмыстар бар болуы мүмкін, оларды болашақта әрі қарастырып, жұмыс жүргіземін. Бұл мақалдарды ағылшын тілінде ғана емес, қазақ, орыс пәндерінде көптеген құрал ретінде пайдалануға болады.Қолданылған әдебиеттер:
"Мың бір мақал. Жиырма үш жоқтау" Жинастырған Ахмет Баржақсы баласы. Алматы. "Қазақстан", 1993ж.
"Қазақ мақал-мәтелдері" Жинастырған Ө.Тұрманжанов, Алматы "Ана тілі", 1992ж.
"Қазақ мақал-мәтелдері.Казахские пословицы и поговорки".Құрастырған М.Аққозин. Алматы."Қазақстан", 1990ж
"Словарь употребительных английских пословиц и поговорок". Авторлар:М.В.Буковска, С.И.Вяиьцева, З.И.Дубянская, Л.П.Зайцева, Я.Г.Биренбаум. Москва,"Русский язык", 1990ж.
"Русские пословицы, поговорки и крылатые выражения ".Авторлары: В.П.Фемицына, Ю.Е.Прохоров. Москва. " Русский язык", 1979ж.
Словарь английских пословиц и фразеологических выражений.Автор:А.А.Хазан."Смоленск-Русичь" 2001год
"Қазақ тілі мен әдебиеті".(журнал)1997жыл.
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Поделитесь записью в соцсетях с помощью кнопок: