Священный Коран на казахском языке.Главы 25,26,27,28,29,30 и сура "Фатиха"

09.03.12 | Admin

http//photoload.ru/data/11/b6/50/11b650ecfc0fbcd8817f68262910b0b7.jpg


Құран Кәрим. 25,26,27,28,29,30 паралары және "Фәтиха" суресi - Священный Коран на казахском языке.Главы 25,26,27,28,29,30 и сура "Фатиха"
Publisher: Алматы
ISBN: 978-601-217-013-9
Publication date: 2010
Number of pages: 256
Format / Quality: PDF
Size: 10,05 Mb
Language: Arabic - Kazakh

Цитата:
Құран,Құран Кәрім - Мұсылмандардың қасиетті кітабы. Құран Ислам дінінің негізгі тірегі және қайнаркөзі болып табылады. Құран сүрелер мен аяттардан тұрады. Барлық аяттар Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) құдайлық аян арқылы түскен Аллаһның сөзі. Құранның алғашқы аяттары..... жыды түсе бастады.

Раскрыть
Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өмірінің ақырына дейін уахи келуі ықтимал болғандықтан, оның көзі тірісінде Құрантолық бітті деп, бір кітап етіп жинақтау мүмкін емес еді. Ол өмірден өткеннен кейін ғана уахи тоқталғаны айқындалып, алғашқы халифа Әбу Бәкр кезінде Құран бір кітап етіп жинақталды. Құранның пайғамбар кезінде жиналып бір кітап етілмеуінде басқа да бірнеше себептер болған:
Құран мәтінінің сенімді кепілі Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өзі тірі болған соң, Құран жазылған парақтар мемл. істердің бәрінде бірдей ресми түрде қолданылмады. Кейіннен келген халифалардың мұндай ерекшелігі болмағандықтан, жазылған парақтарды бір кітапқа жинақтау қажеттілігі туды.
Әбу Бәкр “мұсхаф” кітапты сахабалардың қолдарындағы жазылған түпнұсқалары мен жаттаған Құран арқылы растап әрі кейбір адамдардың жеке қателіктерін дұрыстап, нәтижеде үмбеттің бәрі бір ауыздан қабыл еткен “Имам мұсхаф” — негізгі кітапты жинақтамақшы болды.
Ямәмә соғысында көптеген сахабалар шейіт болды. Осыдан кейін Омар Халифа Әбу Бәкр Зәйд ибн Сәбиттің бастауымен алқа құрып, Құранды бір кітап етіп жинаттырды.

Құран жинауда жазылған түпнұсқалар Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) нұсқауымен жазылған мәтін екендігін екі куәгер дәлелдеуі керек, аяттар “мансұқталса” (үкімі жойылған болса) жазылмауы тиіс деген негізгі талаптар қойылды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) өмірден өткенде дайындалған бұл жинақ “мұсхаф” деп аталды. Тері, құрма ағашы, сүйек, жапырақ, т.б әр түрлі нәрселерде жазылған Құран мәтіндерін қағазға жазып, бір кітап еткен Зәйдтің ісі бір жылға созылған. Оған хазіреті Омар, Әли, Оспан, Ибн Кағб көмектесті. “Мұсхаф” аталған осы кітап алдымен Әбу Бәкрде, ол қайтыс болғаннан кейін Омарда, одан кейін қызы Хафсаның қолында сақталған. Оспан кезеңінде ислам діні Арабстаннан тыс өлкелерге қанат жайды. Сол жақтарға арнайы мұғалімдер жіберіліп, олар өздері үйренген Құран қирағаттарын исламды жаңадан қабылдаған елдерге оқыта бастады. Осы кезеңде туындаған қайшылықтарды жою мақсатында Омардың қызы Хафсаның қолындағы түпнұсқаны Оспан көбейту үшін уақытша сұрап алды. Осы істі атқаруға хижраның жиырма бесінші жылы құрайыштықтар (меккелік) мен әнсарлықтардан (мединелік) он екі кісілік топ құрып, Зәйд ибн Сәбитті басшылыққа тағайындады. Жазылған жаңа “Имам Мұсхаф” кітабы мешітте оқылып, мұсылмандардың бәрі бір ауыздан мақұлдады.
Бұл “Имам Мұсхаф” төрт данаға көбейтілді. Біреуі Мединеде қалдырылып, қалған үшеуі Шам, Куфа, Басраға жіберілді. Ислам діні пайда болғанда араб жазуында әріптердің ноқаттары мен қаракеттері жоқ болса да, сахабалар өз тіліндегі Құранды қатесіз оқыған. Хижраның 1 ғасырның 2-жартысынан бастап, өзге халықтың ислам дінін қабылдауы мен олардың араб тілін білмеулері себепті Құранды жаңылыс оқу белең ала бастаған. Осыған дейін Құран жазуының қарекеті мен ноқаты болмауынан туындаған қиындықты шешу үшін Әбул Әсуәд әд-Дуәли қаракеттердің жазылуын енгізді. Насыр ибн Асым (кейбір деректе Яхия ибн Ямәр) Құран әріптерін бір-бірінен ажыратқан ноқаттарды қойды. Бұны ғалымдар “Ижам” деп атады. Сахабалар Мұхаммед пайғамбардан (ғ.с.) әр түрлі қирағаттар үйренген;
Құран мағынасы сол заманнан бастап-ақ өзге тілдерге аударыла бастады. Кейбір деректерде сахаба Салман Парсы Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) рұқсатымен Фатиха сүресінің мағынасын парсы тіліне аударып, ирандықтарға жібергендігі айтылады. Құран мағынасы үнді тіліне алғаш рет 833 ж., парсы тіліне 956 ж., латын тіліне 1143 ж., француз тіліне 1647 ж., ағылшын тіліне 1649 ж. аударылған. Қазіргі уақытта Құран мағынасы жүзден астам тілге тәржімаланған. Құранның түркі тіліндегі алғашқы мағыналық аудармасы 15 — 11 ғасырда жасалғаны туралы жорамалдар болғанымен, қазіргі заманға жеткен аударманың ең көнесі 14 ғасырда жазылған.

Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Құранның мағыналық аудармасынан гөрі мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абайдың “Адамды сүй, Алланың хикметін сез!”, “Адамның хикмет кеудесі”, — деген сөздерінен Құранды да, адамды да, әлемді де хикмет кітаптары деп біліп, оларды ажырамас өзара бірлікте, тығыз үйлесімде танығаны аңғарылады. “Құран рас Алланың сөзі-дүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ”, — деген Абай Құранның сөздік мағынасынан гөрі ішкі мәніне ұмтылуға үндейді. Құранның рухани мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуде ондағы адам мәселесін зерделеудің маңызы зор. Құран — адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын құдайлық рахмет — мейірім көзі, (һұд, 17 аят) адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың сөзі (Исра, 9). Қ. жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық саяси-басқару, этикалық-моральдық жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды негіздеді. Құранда екі маңызды мәселе — Алланың жалғыздығына сенім (таухид-монизм) және Алланың құдіреті, сол құдіретімен жаратқан әлем, адам, олардың Алламен арасындағы байланыстары жүйеленген. Құранда адамның көңілі (қалбы-жүрегі) — таным көзі немесе танымға жетудің құралы мағынасында қолданылған. Құранда адам ақылын — “қалб көзі” (көңілдің көзі), Алланың жеке мәндік аяны (ал-уаһи-ул-жузи) ретінде, ал Құранды — объективтік аян, әлемді — Алланың танымдық кітабы, универсалдық аян ретінде танытады. Сопылық дүниетанымда бірлік (таухид-монизм) ұстанымын осы құдайлық үш аяндағы универсалдық тұтастық пен үйлесімділік негізінде топтастырған. Демек бірлік (таухид) ұстанымы адам, Құран және әлемді өзара тұтастықта қарайды. Құранда Құдайдың адамды “халифа” мақамында жаратқандығы айтылады. Бұл тұстағы Құдайдың халифасы (орынбасары) ұғымы — адамның әлемдегі орны мен маңызын анықтайтын діни категория, ең құрметті атақ болып саналады. Адамның мұндай жоғары атаққа лайық болуының сыры оның жаратылыс мақсаты мен ерекшелігінде жатыр. Құрандағы мәлімет бойынша рух әлемінде Алла мен адамның арасында “жаратушы-жаратылған” сипаттарын білдіретін, олардың өзара мақсаты мен міндетін анықтайтын, “Мисақ” яғни, ант, келісімсөз жүзеге асырылғанды. Адам бұл антты Алланың жердегі өкілі ретінде Жаратушысын ұмытпай, жердегі адамдық орны мен қызметін атқарып, алған аманатты (Азхаб, 172) сақтаймын деп берген болатын. Бұл жердегі “аманат” ұғымы иман, жауапкершілік, Құдай алдындағы парызға және адамдардың құқықтарына құрмет, сөз, ақыл, ойлау қабілетін дұрыс қолдануды, ар-намысын сақтауды білдіреді. Адам осы міндетін орындап, қабілеттерін орнымен қолданып, дамыта алғанда ғана “халифа” деген атқа лайық болады. Құран аяттары адамзаттың өзара туыстығын, бүкіл адамдардың бір Жаратушысы бар екендігін білдіргеннен кейін, мәдениет пен қоғамның, тайпалар мен ұлыстардың бір негізден пайда болғандығын ескертіп, олардың өзара тең сұхбат арқылы тұтастыққа, бірлікке ұласуын негізгі мақсат етіп көрсетеді. Сондықтан Алла адамзатты құдайлық табиғат негізінде өзара тең қылып жаратқан. Ал адамдардың кейінгі қоршаған ортасы, әлеуметтік-тарихи, әдет-ғұрыптық, мәдени-дүниетанымдық ерекшеліктері Жаратушының тең қылып жарату ақиқатын өзгерте алмайды. Адамның Аллаға берген сөзінде тұру-тұрмауы, құдайлық сынаққа сену-сенбеуі өз еркінде. Құран бойынша адам — таңдау еркіндігі бар, жауапкершілік иесі, сонымен қатар аманат тасушы болмыс. Сондықтан да Құранда айтылған ақыреттегі жағдай — иман етушілердің жұмақтағы орны және имансыздардың тамұқтағы хәлі жайында адамға жасалған негізгі ескерту болып табылады. (Кеһф, 29). Адам — жан мен тән және ақылдан тұратын біртұтас болмыс. Адамның тәні топырақтан жаралып, жаны Алладан берілгендіктен, тән топыраққа, жан рухани әлемге, өз негіздеріне оралуға құштар. Осындай жақсы мен жаман, ақ пен қара, тән мен жан, иман мен күпірлік, мойынсұну мен теріске шығару сияқты қарама-қайшы құбылыстарды жаратудағы сырды Құран аяттары түсіндіреді. Егер адам ерікті болмаса, сынақ жүйесі мәнсіз болып шығар еді. Бұл түсіндірулерден қарама-қайшылықтар мен күрестің нысаны адамның жаратылыс сырында екендігі көрінеді. Адам табиғатындағы қайшылықтар Алланың оны сынақтан өткізуі және оның кемелденуі мен рухани биіктеуі, Ақиқатты табуы үшін қажетті деп тапқан жүйесі. Құранның адамды басқа болмыстардан ерекше мақамға шығару себебі оған Алла өз рухынан үрлеген құдайлық жауһардың (субстанция) берілуіне байланысты болуы керек (Сәжде, 6-10). Осы құдайлық жауһар арқылы адам періштелерден де жоғары, Алланың халифасы болуға лайық болмыс ретінде жаралған (Баһара, 30). Сонымен қатар адам “ең көркем келбетте” және “мазмұнда (сиретте)” жаратылған ең сұлу болмыс (Тин, 4). Жақсылық пен жамандықты айыру қабілеті мен күші де (фурқан, тамииз) тек адамға ғана беріліп (Шамс, 8), әлемдегі мүмкіндіктердің барлығы адамға қызмет ету үшін жаратылған (Жасия, 13). Құранда адамның табиғаты мен мінезіне байланысты анықтамалар өте көп. Сонымен қатар адамның психол. қуаты мен қызметтері, рухани даму сатылары, адам типологисы сияқты мәселелер кеңінен қамтылған. Дегенмен Құранда басты мәселе ретінде адамның имандылық пен асылық, яғни Құдайды жоққа шығару психологиясы арасындағы моральдық таңдау, сонымен қатар аян және илһам, дәстүрлі әлеуметтік әдеттердің ықпалы, сол топтардың психологиясысы, діни үндеуге қарсылық және қорғану механизмдері сияқты көптеген мәселелер қарастырылған. Құранда адам ең жоғарғы мақамда жаратылғанымен, оның нәпсінің зынданына түсіп, “ең төменгі дәрежеге дейін құлдырайтын” (Тин, 4-5) моральдық азғындауға да бейім екендігі ескертіледі.
Адамның моральдық азғындауына берілген анықтамаларда оның “әлсіз, қан төгуші, жоюшы, залым, қиянатшыл, ашкөз, арамтамақ, сараң, надан екендігі сыналып (Ниса, 28; Бақара, 30; Наһыл,4; Азхаб, 72; Исра,11-27,100), Алла адамды осылардан қашуға, жиіркенуге үндейді. Өйткені Тәңірдің адамға қояр талабы — оның көркем құлықты, жамандыққа жаны қас, жақсылыққа жаршы болатын, Құдайдың еркін жүзеге асыратын құл болуы. Құдайдың шынайы құлы болу үшін адам, ең алдымен, өз болмысымен тұтастыққа жетіп, содан кейін өзін қоршаған әлеммен үйлесімділік құруы тиіс. Осы үндестікті қамтамасыз ету үшін Құдай Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынады. Бұл құндылықтар адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырудың негізгі қалыбы — тезі. Адамның жақсылық, парасат, ізгілікті іспен, сөзбен және оймен қарулануы оның иманының қуатына тікелей қатысты. Өйткені Құранда имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық, махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтық сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді. Құран адамның бағынышты болуы қиын әлем екендігін, оны тек табиғи жолмен, ерікті сұхбат арқылы тәрбиелеуді, оны дінге шақыруда да ешқандай зорлық немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді. Қорыта айтқанда, Құранда адамның қандай болмыс екендігі, өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты туралы оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар айтылған. Бұл жауаптардың барлығы адамның рухы мен көңіліне қатысты психол. құбылыстар мен қуаттарды түсінікті әрі қарапайым тілмен берген. Құранның үндеуі адам санасына, рухы мен ақылына арналған.
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!
Уважаемый пользователь, вам необходимо зарегистрироваться, чтобы посмотреть скрытый текст!

Поделитесь записью в соцсетях с помощью кнопок:

Просмотров: 2736
Рейтинг:
  • 5